«Алаштың дүлдүл ақыны» С.Торайғыров. «Бір ел — бір кітап»

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының кітапханашысы Н.Албиланова, ауылымыздағы №22 мектептің кітапханашысы А.Искакова, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Ақбакирова қосыла отырып 27 қазан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Бір ел — бір кітап» акциясы бойынша биылғы жылы таңдалып алынған С.Торайғыровтың шығармаларын насихаттау аясында «Алаштың дүлдүл ақыны» деген оқырман конференциясын 9-сынып оқушылары арасында өткізді. шарада «Ақынның өмірі», «Сұлтанмахмұттың жыр жаһаны», «Қазақ поэзиясындағы қайталанбас біртуар тұлғалардың бірі С.Торайғыров», «Сұлтанмахмұттың публицистикалық шығармалары» деген тақырыптарға баяндамалар жасалды. «Жыр сұлтаны — Сұлтанмахмұт» деген кітап көрмесі безендіріліп, көрмеге шолу жасалды. Шараға 25 оқушы қатысты.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

MSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Реклама