М.Әуезовтың туғанына 120 жыл

Біз кітапханада ұлы тұлға, заңғар жазушы, қоғам қайраткері, Абайтану ғұлама ғалымы М.Әуезовтың дүниеге келгеніне 120 жыл толуына орай «Көркем сөздің алыбы» атты әдеби қонақжайды №22 мектептің 11 сынып оқушыларымен өткіздік. Балаларға Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi екенін. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйрететіні,      келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты екенін айта отырып. Ұлы адамдардың Әуезов туралы айтқан ойлары, ақындардың жазған арнауларын оқыдық. Оқушылар жазушының өмірі, жазған еңбектері,    қуғын-сүргінің алғашқы легіне іліккені жайлы айттй. Екі жыл абақтыда отырған, одан кейін идеологиялық айыбын мойындап жазған хаты үшін жазасы жеңілдеп, тағыда шартты түрде үш жылға кесілгені. Бұл хат баспасөз бетінде  жарияланғаны. Еркіндіктің құны осы болғаны да айтылды.  Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алғанын айтып өттік.

SAMSUNG CAMERA PICTURES
Реклама