Рухани жаңғыруға арналған шаралар

 

Кітапханада «Діни сауатты адам қате баспайды» атты дөңгелек үстел өтті. Қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне Әділ Исаханұлы, Мешітіміздің молдасы Балуанбеков Тұрсынхан аға, ақсақалдар алқасының төрағасы Шойынбасов Амантай аға, Өтенай ауылдықокругі әкімі аппаратының ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Құнанбаев Сейтнүр Мұхаметұлы және ауыл тұрғындары қатысты. Ортақ ой бөлісіп, жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың ағымынан, діни экстримизмнен арашалауға болатыны айтылды.

                                  

SAMSUNG CAMERA PICTURES                                                                  SAMSUNG CAMERA PICTURES 

 

«Латын әліпбиіне көшу заман талабы» атты шара ауылымыздағы ақ жаулықты аналар арасында өткізілді. Өскелең ұрпақты тәрбиелегенде, отбасының ұйытқысы болып отырған аналармен латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымыз, латын әліпбиіне көшу — қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатыны және түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латын қолданатыны. бізге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым — қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек екені айтылды.

                                                                                              SUNG CAMERA PICTURES    
SAMSUNG CAMERA PICTURES

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек ауылдық №4 кітапхана және клуб біріге отырып «Жарқын болашағымыздың тұғыры — рухани жаңғыру» атты ой — толғау өткіздік. Оған Өтенай ауылдық округы әкімшілігінің мамандары және ауыл тұрғындары қатысты. Мәдениет үйінің әдіскері Алибекова Гулбақ баяндама оқыса кітапханашы Албиланова Н. «Рухани жаңғыру, ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Шарада Елбасы мақаласында тілді айтқаны, ділді айтқаны, дінді айтқаны. Қысқасы, тәуелсіз елге керекті дүниенің бәрін түгендеп, елдің ертеңгі өміріне нақты жоспар жасағанын, ұлттық сананың қалыптасып, одан әрі дамуын жік — жікке бөліп, жұрттың жүрегіне жылы тиетін жолдарды көрсетіп бергені туралы айтылды. Шраға 17 адам қатысты.

 Көрмеге шолу

SAMSUNG CAMERA PICTURES
Реклама