ЭКСПО- ға арналған көрмеге шолу

«ЭКСПО-2017» – Қазақстан үшін маңызы зор, мақсаты биік жоба. Осы жоба аясында кітапханада «ЭКСПО — 2017» — Қазақстанның жаңа белестері» деген кітап көрмесін безендіріп, кітапханаға келген оқырмандарға көрмеге шолу жасадық. Жалпақ жұртшылықтың назарын өзіне аударатын бұл бірегей көрме  экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістеріне жол салары хақ. Қазақстан осынау тарихы ғасырлар асуында жатқан Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін өткізуге шешім қабылдаған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасындағы алғашқы ел екенін. Осы арқылы еліміз дөңгеленген дүниеге ортақ стратегиялық міндеттерді талқылайтын талай жаһандық жиындардың ұйымдастырушысы ғана емес, өңірдегі көшбасшы мемлекет екендігін де көрсетіп отырғанын. Бүгінде әлемде орын алған күрделі ахуалға, қаражаттың қаттығына қарамастан, еліміз көрмені лайықты өткізіп жатқанын.. «Шешінген судан тайынбас» дегендей, қолға алған істі табыспен аяқтауға кез келген ел мүдделі екенін айттйқ. Газетт беттеріне шыққан жаңа мақалалармен таныстырдық.

SAMSUNG CAMERA PICTURES
Реклама