«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткен «Келіндер сайысы — 2017» байқауы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Еңбек ауылдық Мәдениет үйі мен кітапхана қосыла отырып «Келіндер сайысы — 2017» байқауын өткізді. Шараға 9 баланың анасы Мұратхан Жайнагүл, 4 баланың анасы Құндақбаева Асем, 3 баланың анасы Гүлмира және 2 баланың анасы кітапханашы Нұрсағатова Амина қатысты. Шара өте тартымды өтті. Аналар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарымен таныстырды. Байқау 7 турдан тұрды. 1 орынды 9 баланың анасына бермеуге болмайды деп, Жайнагүл алды, кітапханашы Нұрсағатова 2 орынды иеленді, 3 орынды Құндақбаева алды. Шараға 80 адам қатысты.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES
Марапаттау

 

 

 

 

 

 

Реклама

22 наурыз

22 наурызға арнап өткізген шарадан шағын естелік.

Универсиядаға арналған көрме

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында Универсиядаға арнап «Бүкіләлемдік Универсияда — 2017» деген тақырыптағы кітап көрмесі безендіріліп, оған газет — журнал беттеріне шыққан мақалалар, уневерсияданың эмблемасы және дәйексөз қойылды. Кітапханаға келген ауылымыздың үздік оқырманы, спорттық ойындардың жанкүйері Т.Балуанбеков пен А.Жүргенбаевтан бастап мектеп оқушыларына дейін көрмеге библиографиялық шолу өткіздік. Оқырмандарға сонау 1905 жылдан бастау алған студен жастар ойындарының, 1959 жылдан уневерсияда деп аталғанын, сол уневерсияданың 2017 жылы  Қазақстанда өту мәртебесіне ие болғанымызды, бұл жастар ойынына 50 елден 5 мыңнан астам студен қатысатынын, спорттың 13 түрінен жарыс өтетінін айтып өттік. Бұған дейінгі жарыстарда Қазақстан студенттік құрамасының сегіз қысқы Универсиядаға қатысып, өз қоржынымызға 43 награда салғанын айтып өттік. Бұл өткелі отырған үлкен додада да еліміздің жастары үлкен жетістікке жететініне сенімдіміз.

 

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Жаңа жыл кеші

Еңбек ауылының Мәдениет үйінде кітапхана мен клуб біріге отырып «Қош келдің Жаңа жыл» атты би кешін өткіздік. Кеш өте қызықты өтті, ертегі кейіпкерлерінің  киімін киіп келгендер  және жақсы билеген қонақтар сыйлықтар алды.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES
SAMSUNG CAMERA PICTURES
SAMSUNG CAMERA PICTURES
SAMSUNG CAMERA PICTURES

Тәуелсіздік күніне

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Осыған орай №22 мектеп, «Ақ әжелер» ансамблі, кітапхана, клуб біріге отырып  » Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты  шара өткіздік. Шарамыздың басында тәуелсіздікке арналған шағын видиоролик көрсетіліп, гимн орындалды. Тәуелсіздік мерекесіне №22мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Д.Тастанбеков, ақсақалдар алқасының төрағасы А.Шойынбасов ағалар өздерінің лебіздерін білдіріп, құтықтады. Ата — бабаларымыздың жүріп өткен жолдарына шағын шолу жасалды. Желтоқсан оқиғасымен тоқталып, «Желтоқсан желі» әні оқушылардың  хормен орындалып, бір минут үнсіздік жарияланды. Тәуелсіздікке тарту ретінде «Менің елім», «Жаса Қазақстан», «Тәуелсіздік әні»әндері орындалып, «Шашу» биін 10 сынып қыздары биледі. Мектеп оқушыларынан құрылған домбырашылар Қ.Тастановтың «Би күйін» орындады. Жоғары сынып қыздарының орындауында «Жаса қазақстан» флеш-моб көрсетті. Шара әжелердің «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

    

    

                

 

Тұңғыш Президент күніне

 

Еңбек ауылдық №4 кітапханасы, клуб және №22 мектеп біріге отырып Тұңғыш Президент күніне «Егемен елдің кемеңгер басшысы» деген тұлғалық кеш өткізді. Кеш кітапханашы Н.Албиланованың Елбасының жүріп өткен еңбек жолына қысқаша мәлімет беруімен басталды. «Ақ әжелер» ансамбілінің әншілері «Өз елім», «Саржайлау» әндерін орындады. Сынып жетекшілері Ысқақова Ақеркенің дайындауымен №22 мектептің бірінші сынып оқушылары Аружан, Дарын, Аяулым, Ерасыл т.б. балалар Елбасына арналған тақпақтар оқыды. Зәрутай С., Ербай Д., Дүйсен Н., Сарсенов С. «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.  Экраннан Елбасына арналған видиоролик көрсетіліп тұрды. Шараны өткізгендегі мақсатымыз: Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлтық сана — сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу. Шараға 60 адам қатысты.

 

25 жұлдызды шара

25 жұлдыздышара аясында Еңбек ауылдық кітапханасының №22 мектеппен оқушыларымен                                                             біріге отырып өткізген шарасы.

Еңбек ауылдық кітапханасы мен №22 мектептің кітапханашылары біріге отырып «25 жұлдызды шара» аясында «Қарқынды дамыған Қазақстан — әлем назарында» деген танымдық сағат өткіздік. балаларға Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басып, халықаралық беделге ие болып, ғаламдық ядролық қарусыздану қозғалысының танымал көшбасшысы болғанын. 25 жылдықтың қарсаңында Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында алғашқы болып 2017-2018 жылдарға ББҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғаны, біздің елімізге ЭКСПО — 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуді сеніп тапсырғанын. «Қазақстан — 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары — әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына кіруге қабілетті Қазақстанның қуатын нығайтуға бағытталған жоспарлар екенін айттық.  Біздің тұтас мақсатымыз — Елбасы төңірегіне топтасып, ең басты қазынамыз — тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап және ұрпақтарымызға аманаттап, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қастерлеп, Тәуелсіздік біздің ең басты ұйымдастырушы құндылығымыз болғанын, қазір де солай және бола да беретінін айтып өттік. шараға 30 бала қатысты.

 

 

SAMSUNG CAMERA PICTURES
SAMSUNG CAMERA PICTURES